Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелі пайда болуы мүмкін

15 Қыркүйек 2022, 01:45
1040
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелі пайда болуы мүмкін

Бұл туралы ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді, ол аспан асты елі басшысының республикамызға жасаған сапарының тарихи маңыздылығына баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ға сілтеме жасап.

Бұл – ҚХР төрағасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы сапары. Бұл – ҚКП-ның XX Бүкілқытайлық съезі және ҚР-дағы кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында өткен сапар. Алдағы сапарға да айрықша назар аударылып отыр. Кездесуде елдер арасындағы 30 жылдық қарым-қатынастың қорытындысы шығарылып, жаңа кезеңдегі даму бағыттары айқындалды, - деп айтты Шахрат Нұрышев.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміздің транзиттік-көліктік бағыттарын одан әрі әртараптандыруға және интеграцияланған логистикалық шешімдерді енгізуге, оның ішінде Қазақстан арқылы жаңа теміржол дәліздерін ашуға мүдделілігін білдірді.

Атап айтқанда, біз Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу мәселесін белсенді талқылаудамыз. Біз оны Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердің жылдам қозғалысына ықпал етеді деп санаймыз, - деді Шахрат Нұрышев.

Сондай-ақ екі елдің аумағында мәдени орталықтар ашу мәселесі талқыланды. Елші оның екіжақты достықты нығайту үшін гуманитарлық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы