Қазақстан мен Қытай арасында 3 күндік туристік бағыт ашылды

21 Шілде 2023, 19:33
874
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай арасында 3 күндік туристік бағыт ашылды
Фото: kaz.people.cn

Шыңжаңның Алашанькоу қаласында Қытай-Қазақстан трансшекаралық 3 күндік туристік бағытының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онлайн халық газетінің ақпаратынша, бұл - Алашанькоудағы шетелге шығып саяхаттайтын топтық турлар.

Трансшекаралық 3 күндік саяхат аясында Қазақстанға алғашқы туристік топ келіп те үлгерді. Олар Алашанькоудағы халықаралық автобусқа отырып, Қазақстанның Достық ауылына келді. Осыдан кейін Достықты аралап, сауда жасап болғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына қарай тартты.

Өзгелердің жаңалығы