Қазақстан мен ҚХР су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қолдайды

14 Қазан 2022, 01:20
1275
Бөлісу:
Қазақстан мен ҚХР су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қолдайды

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының 9-шы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Комиссияның қазақстандық тарапының тең төрағасы - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Сүлейменова және қытай тарапының тең төрағасы - ҚХР Экология және қоршаған орта министрінің орынбасары Чжао Инмин мырза баяндама жасады.

Тараптар бекітілген күн тәртібіне сәйкес одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тағы бір маңызды бағыт – су экожүйелерінің, соның ішінде климаттың өзгеруі жағдайында оның ұзақ мерзімді тұрақтылығын сақтау және қолдау. Мұнда трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен қазақстан-қытай комиссиясының жұмысын оң дәрежеде атап өткім келеді, өйткені олардың жұмысындағы прогресс бірегей Балқаш көлінің жай-күйіне және оның экожүйесін қолдауға тікелей байланысты, - деп атап өтті З.Сүлейменова.

Алдыңғы отырыстардың жұмысын талдау көрсеткендей, комиссия қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мен шешудің пәрменді тетігіне айналып отыр. Комиссияның жұмыс топтарының отырыстарында көтерілетін мәселелер қоршаған ортаны қорғау және трансшекаралық өзендердің сапасы саласындағы келісімдерді іске асыруға ықпал етіп, үкіметаралық құжаттарда және бірлескен іс-шараларда көрініс табуда. Жалпы, келісімдерді іске асыруды тараптар табысты жүзеге асыруда.

Отырыс қорытындысы бойынша Тараптар отырыстың хаттамасына қол қойды, комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті және Комиссияның 2023 жылғы екінші жартыжылдықтағы кезекті 10-шы отырысын Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге уағдаласты.

 

Өзгелердің жаңалығы