Қазақстан мен Пәкістан жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытады

21 Мамыр 2023, 10:19
863
Бөлісу:
Қазақстан мен Пәкістан жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытады
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Сыртқы істер министлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Пәкістанның университеттері – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасында өзара түсіністік туралы шекті келісімге қол қою салтанатты рәсімі ұйымдастырылды.

ҚТУ-дың атынан атқарушы директор, профессор Аристотель Исагулов, ал Кайд-е-Азам университетінен проректор, доктор Ниаз Ахмад Ахтар қатысты.

Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша практикалық қадамдарды имплементациялауға қызығушылық білдірді.

Өз тарапынан ҚР Елшісі Ержан Қыстафин университет басшыларын құжатқа қол қоюмен құттықтап, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Каид-е-Азам университеті делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы