Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланысты нығайтудың жол картасын әзірлейді ⠀

10 Қараша 2023, 17:45
586
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланысты нығайтудың жол картасын әзірлейді ⠀
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ташкентке жұмыс сапары аясында Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.⠀

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, кездесу барысында Аида Балаева екі ел арасындағы мәдениет саласындағы өзара сенім мен серіктестіктің жоғары деңгейіне тоқталды. ⠀

Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланысты нығайтудың жол картасын әзірлейді ⠀

Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылай келе, министрліктер арасындағы іс-қимылдың нақты қадамдары мен тетіктерін айқындайтын жол картасын әзірлеуге келісті. ⠀

Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланысты нығайтудың жол картасын әзірлейді ⠀

Құжатта көрсетілетін негізгі мәселелердің қатарында екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайту және тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, іс-шаралар ұйымдастыру арқылы мәдени мұраны байыту және т.б. бар. ⠀

Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланысты нығайтудың жол картасын әзірлейді ⠀

Кездесу соңында министрлер бірлескен қарқынды жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланысты нығайтудың жол картасын әзірлейді ⠀
Өзгелердің жаңалығы