Қазақстан мен Мысырдың ақпарат саласындағы ынтымақтастығы жаңа кезеңге аяқ басты

1 Сәуір 2022, 22:05
2481
Бөлісу:
Қазақстан мен Мысырдың ақпарат саласындағы ынтымақтастығы жаңа кезеңге аяқ басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Мысыр арасындағы ақпараттық саладағы қарым-қатынастар 1993 жылғы 14 ақпанда Каирде қол қойылған үкіметаралық хаттамаға негізделеді. Дипломатиялық қатынастар орнатылған күннен бастап, бұқаралық ақпарат құралдары достас екі елдің халықтарының игілігі үшін жұмыс істеуде және өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын үздіксіз іздестіруде. Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шарифтің Мысыр Жоғары медиа кеңесінің президенті Карам Жабермен кездесуі барысында ҚР мен МАР медиа кеңістігіндегі серіктестікті одан әрі дамыту туралы пікір алмасты.

Қазақ дипломаты сұхбаттасушыны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Осы ретте тараптар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтардың саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғалар туралы алмасуға және таныстыруға келісті. Сондай-ақ Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жылдығы аясында көркем және деректі фильмдер көрсетілімдерін өткізуге, екі елде қазақ және мысырлық фильмдер апталығын өткізуге уағдаласты. Өзара ынтымақтастықты кеңейтуде баспа басылымдары мен электрондық БАҚ рөлі маңызды екені аталып өтті.

К. Жабер өз кезегінде екі елдің медиа әріптестігінің одан әрі дамуын құптады, сондай-ақ мысыр тарапының ақпарат алмасу саласында бірлескен іс-шаралар өткізуге дайындығын білдірді.

Елші ұлы билеуші болған осы тұлғаны 800 жылдығын мерекелеу қарсаңында ұлы дала елінің перзентінің тарихи тұлғасын жаңадан сомдау қажеттілігіне назар аударды. Екі елдің ақпарат құралдары арқылы Сұлтан Бейбарысты ұлықтау маңыздылығын да атап өтті.

Жоғары медиа кеңесінің президенті мәмлүктер дәуіріне қатысты қызықты тарихи фактілерімен, сондай-ақ мысырлық және қазақстандық көрермендер мен оқырмандардың өзара қызығушылығын тудыратын басқа да құнды деректермен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы