Қазақстан мен Мальдив арасында тұрақты әуе рейстері қатынайды

4 Қазан 2022, 18:17
1042
Бөлісу:
Қазақстан мен Мальдив арасында тұрақты әуе рейстері қатынайды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база құрылды. Бұған дейін елдер арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер орындалған болатын. Мальдив тарапынан құжатқа Көлік және азаматтық авиация министрі Айшат Нахула ханым, Қазақстан тарапынан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қол қойды, - делінген мәліметте.

Қол қойылған құжат әрбір тарап үшін аптасына 7 тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін көздейді.

Өзгелердің жаңалығы