Қазақстан мен Ливан екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

24 Қыркүйек 2023, 06:48
728
Бөлісу:
Қазақстан мен Ливан екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ливан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жискар Әл-Хуриді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен институттар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін жан-жақты талқылады.

Дипломаттар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қарым-қатынаста пайдаланылмаған әлеуетіне ерекше назар аударды.

Осы тұрғыда тараптар Қазақстан елордасында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың екінші раундын өткізу арқылы саяси және экономикалық байланыстарды жандандыруға келісті.

2021 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Ливандағы Дипломатиялық өкілдігінің мәртебесі Елшілік деңгейіне көтерілген болатын. Бұл қадам қазақ тарапының Бейрутпен толыққанды ынтымақтастықты нығайтуға деген ниетін растап отыр.

Биыл Қазақстан мен Ливан дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30-жылдығын толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Астана мен Бейрут сындарлы саяси диалог орнатып, екі ел халқының игілігіне бағытталған өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастық орнатты.

Өзгелердің жаңалығы