Қазақстан мен Канаданың өзара сауда көлемі 730 млн долларға жетті

25 Қараша 2022, 04:40
856
Бөлісу:
Қазақстан мен Канаданың өзара сауда көлемі 730 млн долларға жетті

Биыл 9 ай ішінде Қазақстан мен Канада арасындағы өзара сауда көлемі 730 млн долларға дейін жетті. Ал ел экономикасына канадалықтар құйған тікелей инвестиция болса 385 млн доллардан асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл жөнінде бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Канаданың Еуропалық Одақ және Еуропа бойынша арнайы уәкілімен кездесу барысында айтты.

Сондай-ақ отырыс барысында тараптар екіжақты сауданы дамыту, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен екі елдің Іскерлік кеңесінің қызметін талқылады. Өз кезегінде канадалық мейман Стефан Дион қазақстандық тарапты Президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.

Өзгелердің жаңалығы