Қазақстан мен Испания стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетеді

17 Желтоқсан 2022, 15:20
931
Бөлісу:
Қазақстан мен Испания стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетеді
PHOTO

Испания астанасында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті, жетінші рет өткізілген саяси консультациялар аясында Қазақстан-Испания стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен тереңдету перспективалары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Испанияның Сыртқы және жаһандық істер жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Анхелес Морено Бау тең төрағалық еткен саяси консультациялардың негізгі тақырыптары саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелер, гуманитарлық блок, құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Қазақстанның Еуропалық одақпен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. ЕО-дағы төрағалық келесі жылдың екінші жартысында Испанияға өтеді.

Қазақстан мен Испания стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетеді

Р. Василенко келіссөздер барысында атап өткендей, Қазақстан Испаниямен негізі 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы келісім болып табылатын өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды жақтайды. Өз кезегінде А. Морено Бау Қазақстанның сыртқы саяси аренадағы белсенді ұстанымына тоқталып, Мадридтің елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформаларды сәтті жүзеге асыруға толық үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді, - делінген хабарламада.

Атап өтетін жайт, консультациялар Қазақстан мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы (1992 ж. 11 ақпан) аясында өтті. Осы уақыт ішінде екіжақты қарым-қатынаста үлкен ілгерілеушілікке қол жеткізілді, мұны жоғары деңгейдегі тұрақты сапарлармен алмасу, ынтымақтастықтың берік шарт-құқықтық негізі (23 құжаттан тұрады, оның 13-і үкіметаралық шарттар мен келісімдер), екіжақты сауда көлемін бірнеше есеге арттыру (ағымдағы жылдың он айының қорытындысы бойынша +47%) және халықаралық құрылымдар шеңберінде өзара қолдаудың белгіленген тетігімен растауға болады.

Консультациялар нәтижесінде тараптар саяси консультациялар тетігі аясында тұрақты диалогты қолдаудың маңыздылығы туралы, сондай-ақ ең жоғары және жоғары деңгейде байланыстарды жандандыру туралы келісімге келді. Атап айтқанда, Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбарестің 2023 жылы Астанаға ресми сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Мадридке сапары аясында қазақстандық делегация Испания Депутаттары конгресінде (парламенттің төменгі палатасы) жылы қабылданып, оның төрағасы Пау Мари Клозе бастаған Халықаралық істер жөніндегі комитет мүшелерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар парламенттік дипломатия арқылы тиімді өзара іс-қимылды атап өтіп, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін белгіледі.

Өзгелердің жаңалығы