Қазақстан мен Иран тау-кен металлургиялық кешені саласында ынтымақтастықты дамытуда

21 Ақпан 2022, 17:40
2026
Бөлісу:
Қазақстан мен Иран тау-кен металлургиялық кешені саласында ынтымақтастықты дамытуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Иран тау-кен металлургиялық кешені саласында ынтымақтастықты дамытуда, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 17-ші отырысы өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев тау-кен өнеркәсібі мәселелері бойынша, кеніштер және сауда министрінің орынбасары Ваджихолл Джафаримен кездесті.

Тараптар Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Борлы кен орнын игеру перспективалары талқыланды, онда бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін инвесторлар геологиялық барлауды сәтті аяқтады. Қазіргі уақытта ол игеруге дайындалып, байыту фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өз тарапынан тиісті инвестициялық келісімшарттың орындалуын қамтамасыз етті.

Тараптар сондай-ақ басқа жобалар бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы