Қазақстан мен Грекия КТК арқылы мұнай жеткізу қауіпсіздігін талқылады

Қазақстан мен Грекияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті.

 Коллаж Informburo.kz 8 Тамыз 2026, 21:55
8 Тамыз 2026, 21:55
121
Фото: Коллаж Informburo.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Грекияның Сыртқы істер министрі Георгиос Герапетритис телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогқа, сауда-экономикалық байланыстарға және басым бағыттардағы өзара іс-қимылға назар аударды.

Министрлер халықаралық энергетикалық жеткізілімдердің тұрақтылығына және Қазақстан мұнайын әлемдік нарықтарға экспорттаудың негізгі бағыттарының бірі болып саналатын Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдайға ерекше тоқталды.

Ермек Көшербаев КҚК инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуі және мұнайдың Еуропа нарығына тұрақты жеткізілуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін және еркін навигацияны қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Министрдің сөзінше, консорциумның жұмысына қауіп төндіретін кез келген әрекетке жол берілмеуі тиіс.

Сыртқы істер министрліктерінің басшылары энергетика саласындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және екіжақты байланыстардың қолданыстағы тетіктерін нығайтуға мүдделі екенін растады.

Наверх