Қазақстан мен Франция стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті

Тараптар парламентаралық диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
119
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Франция Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясының төрайымы Валери Буайе бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Әсіресе энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ климаттық күн тәртібі мен экологиялық тұрақтылық бағытындағы бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар парламентаралық диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында екі ел Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Наверх