Қазақстан мен БАӘ арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

1 Наурыз 2022, 14:55
1453
Бөлісу:
Қазақстан мен БАӘ арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абу-Дабиде Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Бірлескен әскери комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов пен Біріккен Араб Әмірліктері Қорғаныс министрлігі Халықаралық қатынастар басқармасының бастығы авиацияның бригадалық генералы Мұхаммад Әл-Мазруи қатысты.

Тараптар әскери білім беру, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, жауынгерлік даярлық, әскери барлау және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму көкжиегін талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы