Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

World Population Review рейтингінде Қазақстан 100 мемлекеттің арасында 34-орынға тұрақтады. Еуразия мен Таяу Шығыстағы бірқатар елден озып шықты.

 istockphoto.com 10 Қазан 2026, 13:07
10 Қазан 2026, 13:07
298
Фото: istockphoto.com

Қазақстан халықаралық World Population Review статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 мемлекеттің арасында 34-орынға тұрақтады.

Еліміз бірқатар мемлекетті, соның ішінде Данияны (36-орын), Біріккен Араб Әмірліктерін (37-орын), Оңтүстік Африканы (38-орын), Норвегияны (39-орын), Сауд Арабиясын (40-орын), Пәкістанды (42-орын) және Иранды (46-орын) басып озды.

Рейтинг нені көрсетеді?

Рейтинг мемлекеттердің халықаралық аренадағы қуаты мен ықпалын бағалайды. Бұл ретте экономикалық және саяси ықпалы, көшбасшылық рөлі, халықаралық одақтары мен әскери әлеуеті ескеріледі. Яғни елдің экономикалық ауқымы ғана емес, әлемдік аренадағы беделі мен ықпалы да бағаланады.

Рейтингке енген посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан тек Ресейден (11-орын) кейін тұр. Ал Украина (51-орын), Литва (56-орын), Беларусь (57-орын), Өзбекстан (71-орын), Латвия (74-орын), Эстония (75-орын), Армения (80-орын) және Грузия (91-орын) елімізден төмен орналасқан.

Рейтингтің алғашқы үштігіне Қытай, АҚШ және Үндістан енді. Алғашқы ондықта Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия да бар.

Қазақстанның 34-орынға орналасуы – мемлекеттердің ықпалы мен қуатын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалайтын халықаралық рейтингтегі елеулі нәтиже. Бұл көрсеткіш еліміздің әлем мемлекеттері арасындағы орнын айқындайды.

Наверх