Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасында тікелей рейстер қайта ашылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзірбайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, халықаралық қатынасты қайта бастау және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады.
Осылайша, Әзірбайжан әуе компаниясы ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), сондай-ақ 11 наурыздан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.
Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.