Қазақстан мен АҚШ арасындағы салық қатынасын нығайтуды көздейтін заң қабылдады

10 Ақпан 2022, 10:30
1462
Бөлісу:
Қазақстан мен АҚШ арасындағы салық қатынасын нығайтуды көздейтін заң қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қабылдады.  

Заң жобасы бойынша қосымша баяндаманы Бекболат Орынбеков жасады. 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларында айтылған салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және бюджеттік кірістерді көбейту бойынша тапсырмаларына сәйкес Үкіметпен бірқатар нақты шаралар әзірленіп, іске асырылуда.Соның бірі – Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары резиденттерінің қаржы шоттары туралы екі ел арасындағы өзара ақпарат алмасу.  Еліміз үшін салықтарды жинаудың қосымша құралы болып табылатын бұл келісімге 2017 жылы Астана қаласында қол қойылды, - деді Орынбеков.

Ол атағандай, келісімнің негізгі мақсаты 2010 жылы Америка Құрама Штаттарында қабылданған «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» заңы немесе FATCA  аясында тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, салық салу мәселелерінде өзара жәрдем көрсету арқылы халықаралық салық тәртібін жетілдіру. 

Өткен Сенат отырысында, халықаралық келісімдер мен шарттарды ратификациялау кезіндегі орын алатын техникалық қателіктердің салдарынан, Вена конвенциясы аясында қатысушы мемлекеттермен тиісті ноталар ұсынылып, ратификациялау жұмыстары созылатынын және бұл мәселелер Қазақстанның әлемдік имиджіне әсер ететінін әріптесіміз айтқан болатын.Дәлел ретінде қаралып отырған бюджеттік кірістерді көбейтуге бағытталған келісімге екі елдің Үкіметімен 5 жыл бұрын қол қойылғанын және ратификациялау жұмыстары созылып кеткенін атап өту қажет, - деді депутат. 

Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы