Қазақстан мен Андорра арасындағы саяси және экономикалық байланысты арттыру мәселесі талқыланды

4 Тамыз 2022, 17:40
1149
Бөлісу:
Қазақстан мен Андорра арасындағы саяси және экономикалық байланысты арттыру мәселесі талқыланды

Мәжілісте Қазақстан мен Андорра арасындағы саяси және экономикалық байланысты арттыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мәжіліс депутаты, Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Қазақстанға ресми сапармен келген Андорра Сыртқы істер министрі Мария Губах Фонт бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық екіжақты байланыстардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Соның ішінде, туризм саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп ойлаймын, – деді Айгүл Құспан.

Кездесу барысында қос ел арасында сауда, инвестиция және цифрландыру саласында да әріптестікке қол жеткізу мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Андорра арасындағы серіктестіктің одан әрі тереңдеуіне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы