Қазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

5 Наурыз 2024, 19:20
285
Бөлісу:
Қазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады
PHOTO
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Джидда қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс сессиясы аясында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және шетелдегі ұлттық қоғамдастық министрі Ахмед Аттафпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Қазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Министр Мұрат Нұртілеу екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуеті зор екенін атап өтті.

Қазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Осы тұрғыда тараптар іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында Үкіметаралық комиссия құрудың, сондай-ақ көлік-логистикалық мәселелерді шешу үшін "Орта дәлізді" қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы