Қазақстан мемлекеттік қызметтердің жаһандық шлюзін құру туралы бастама көтерді

2 Маусым 2022, 10:02
1203
Бөлісу:
Қазақстан мемлекеттік қызметтердің жаһандық шлюзін құру туралы бастама көтерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақпараттық қоғам жөніндегі дүниежүзілік саммит форумы шеңберінде Женевада Министрлердің дөңгелек үстелінде баяндама жасады.

 Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан мемлекеттік қызметтердің жаһандық шлюзін құру туралы бастама көтерді

Отырыс барысында Министрлік басшысы шетелдік әріптестеріне Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктері, мемлекеттік қызметтерге инновацияларды енгізу барысы жайлы айтып,  сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің жаһандық шлюзін әзірлеу бойынша  ұсыныс білдірді. 

Бағдат Мусин қазіргі заманғы жағдайлар - азаматтардың өмірін жеңілдету үшін, мысалы, оларға «цифрлық паспорттар» мен басқа да құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беру үшін әртүрлі елдердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін интеграциялауды талап ететінін атап өтті.

Біз ақпараттық жүйелердің мемлекетаралық интеграциясы туралы байыпты ойлануымыз керек.  Азаматтарымыздың, бизнес пен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және адамға бағдарлы ету біздің басты мақсатымыз болуы тиіс. Интеграциялаудың пайдасы туризм, медицина, сауда, білім сияқты түрлі салаларға оң әсер ететіні айқын. Мен Халықаралық Электр байланысы одағы осы бағытта бастама көтеретініне сенемін -деді министр.

 

Қазақстан мемлекеттік қызметтердің жаһандық шлюзін құру туралы бастама көтерді

Алайда, оның айтуынша, мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін нақты әдістеме, стандарттар мен ережелер қажет. Бағдат Мусин Қазақстан үкіметі бұл тұрғыда көмек көрсетуге әзір екенін атап өтті.  

Бағдат Мусиннің бастамасын халықаралық электрбайланыс одағының Бас хатшысы Хоулинь Чжао қолдап, тиісті бюроға осы мәселені пысықтау бойынша арнайы топ құруды  тапсырды.

Сондай-ақ, форум аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Халықаралық Электр байланысы одағының стандарттау бюросы зерттеу топтары департаментінің басшысы Билал Джамуссимен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бағдат Мусин Департаменттің осы ұйымға мүше елдердің, әсіресе Қазақстанның технологиялық дамуына қосқан үлесін атап өтіп, Билал Джамуссиді қыркүйек айында Нұр-сұлтан қаласында өтетін Digital Bridge 2022 форумына қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы