Қазақстан-Корея бизнес форумы басталды

12 Маусым 2024, 15:17
257
Бөлісу:
Қазақстан-Корея бизнес форумы басталды
Фото: Ақорда

Елордада Қазақстан-Корея бизнес форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бизнес форум Корея президентінің мемлекеттік сапары аясында өтіп жатыр.

Іс-шараға Samsung, Hyundai, Dossan, Posco Holding, LS Corporation секілді өзге де компаниялары мен бизнес өкілдері қатысып жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёльді Ақордада қарсы алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльмен кездесу барысында бұл күнді "тарихи оқиға" деп бағалайтынын айтты.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль "Корея Республикасы Қазақстанмен бірге жарқын, әрі гүлденген болашаққа қарай алға жылжуға ниетті" екенін жеткізді.

Шара барысында еліміздегі корейлік Bank Finance Kazakhstan екінші деңгейлі банкке айналатыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы