Қазақстан кен орындарды еуропалық бизнеспен бірге игеруге дайын

4 Шілде 2023, 12:52
431
Бөлісу:
Қазақстан кен орындарды еуропалық бизнеспен бірге игеруге дайын
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы маңызды шикізат саласындағы іскерлік әріптестік» форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форум Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Оған 11 мемлекеттен 40-қа жуық кәсіпорын келді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, елімізде 2-3 маусым күндері тау-кен металлургия саласында конгресс өткен. Оған 23 елден 200-ге жуық делегат қатысқан.

Қазақстан кен орындарды еуропалық бизнеспен бірге игеруге дайын

Конгресс аясында Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичтің іссапары болды. Оның аясында сирек кездесетін материалдарды әрі қарай Еуропа елдеріндегі кәсіпорындармен бірге дамыту жөнінде 7 келісімшартқа келген болатынбыз. Былтыр Премьер-министр осы жөніндегі Еуроодақпен меморандумға қол қойған. Соның нәтижесі ретінде біз меморандум іске асыру бойынша Еурокомиссиямен арнайы жол картасын әзірлеп, оған қол қойдық, - деді министр.

Қарабаев шетелдік кәсіпорын өкілдері Өскемен қаласында болып, онда сирек кездесетін материалдарды өңдейтін зауыттарды аралап, қандай әлеуетіміз бар екенін көргенін айтты.

Қазақстан кен орындарды еуропалық бизнеспен бірге игеруге дайын

Алда қараша айында Брюссель қаласында бір апталық іс-шара өтеді. Ол сирек кездесетін материалдарды дамытуға арналған Еуропадағы ең үлкен жиын. Ол жақта Қазақстанның бүкіл әлеуетін көрсетеміз деп отырмыз. Оған елімізден 150-ден астам компания барады. Еуроодақ сирек кездесетін материалдың 30 түрін нақты бекіткен. Яғни еуропалық бизнеске қажет материалдардың 16-сы Қазақстанда өндіріледі. Қалған 9-сы бойынша Қазақстанда кен орындары бар, бірақ олар әлі өндіріліп, игеріліп жатқан жоқ. Бүгінгі жиында осы кен орындарын еуропалық бизнеспен бірге игеруге дайын екеніміз туралы айтып отырмыз, - деп айтты Марат Қарабаев форумда.

Министр атап өткен пайдалы қазбаның 16 түрі елімізде өндіріліп, өңделіп жатыр. Олар негізінен АҚШ, ҚХР, Оңтүстік Корея, ЕО елдері, Ұлыбритания басқа да елдерге экспортталады.

Қазақстан кен орындарды еуропалық бизнеспен бірге игеруге дайын

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, қазір минералды шикізаттың аса қажетті түрлерінің әлемдік нарығының үрдісі шикізатты жеткізудің тұрақты тізбегін құру арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған.

Минералды шикізаттың аса қажетті түрлерін қолданбай, әлемдік экономиканы карбонсыздандыру мүмкін емес. Пайдалы қазбаның айтарлықтай қорына ие еліміз осы салада ынтымақтастыққа қашанда дайын, - деді министрдің орынбасары форумда.

Қазақстан кен орындарды еуропалық бизнеспен бірге игеруге дайын
Өзгелердің жаңалығы