Қазақстан инвестиция тарту бойынша рекорд орнатты

11 Шілде 2023, 15:00
802
Бөлісу:
Қазақстан инвестиция тарту бойынша рекорд орнатты
Фото: Арман Мухатов - архив

Еліміз инвестиция тарту бойынша посткеңестік кеңістікте көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы Орталық Азия елдері 10 миллиард доллар инвестиция тартса, оның 6 миллиардтан астамы Қазақстанға тиесілі. Ол 2021 жылға қарағанда 83%-ке жоғары. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының 2022 жылғы Дүниежүзілік инвестиция есебінде жарияланған.

Баяндамаға сәйкес Қазақстан алда тұр. Өзбекстан 2,5 млрд, Литва 2,2, Грузия 2, Беларусь 1,6, Латвия 1,5, ал Эстонияға 1,2 миллирад доллар тартылған. Өзге елдердің көрсеткіші 1 миллирадқа жетпейді. 

Айта кету керек, Қазақстан әсіресе жаңартылған энергия жобаларына инвестиция тарту жағынан көш ілгері. Біздің ел бұл салада 56,3 миллард доллармен әлемнің дамушы экономикалары арасында 5-орынға шығып отыр. 

Посткеңестік кеңістікте инвестиция тарту көрсеткіші Қазақстан –6,1 млрд доллар, Өзбекстан – 2,5 млрд доллар, Литва – 2,2 млрд доллар, Грузия – 2 млрд доллар, Беларусь – 1,6 млрд доллар, Латвия – 1,5 млрд доллар, Эстония – 1,2 млрд доллар құраған.

Өзгелердің жаңалығы