Қазақстан IMD-2021 таланттылардың әлемдік рейтингінде 41-орында

13 Желтоқсан 2021, 15:00
1645
Бөлісу:
Қазақстан IMD-2021 таланттылардың әлемдік рейтингінде 41-орында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Қазақстан IMD Халықаралық менеджментті дамыту институтының жыл сайынғы рейтингінде 41-орында.

IMD-2021 жылғы рейтингте Қазақстан өз позициясын 3 тармаққа және 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 1,22 баллға жақсартып, 54,22 баллдық нәтижемен 41-орын алды, - делінген IMD хабарламасында.

IMD таланттар рейтингіөзінің бәсекегеқабілеттілігін нығайту үшін таланттардыдамыту және тартудағы экономиканыңәлеуетін көрсетеді. Ағымдағыжылы Қазақстанрейтингтің 2 факторы бойынша өз позициясын жақсартқан.

«Тартымдылық» факторы бойынша Қазақстан 8 позицияғажоғарылап, 39-орынға ие болды. Бұл қорытынды рейтингкеайтарлықтай әсер етті. Жақсару «Өмір сүру құнының индексі» бойынша 3 орын, «Жеке тұлғалардан алынатынтабыс салығы» бой    ынша 7 орын, «Шетелдікжоғары білікті кадрлар» бойынша 25 орын көрсеткіштері бойынша күшті позициялармен түсіндіріледі.

«Дайындық» факторы бойынша Қазақстанөз позициясын 7 тармаққажақсартып, 43-орын алды. Жақсару «Жоғары буындағы құзыреттібасшылар» бойынша 18-орын, «Қаржылық дағдылар» бойынша 29-орын, «Халықаралықтәжірибе» көрсеткішібойынша 29-орын  көрсеткіштері бойынша күшті позицияғақол жеткізументүсіндіріледі.

Қазақстан Венгрия (42 орын), Тайланд (43 орын), Польша (45 орын), Украина (46 орын), Ресей (47 орын), Чили (48 орын), Түркия (53 орын) тәрізді елдерден алда. 2021 жылғы зерттеуге 64 ел қатысып отыр.

Рейтинг әдістемесіне сәйкес экономиканың кадрлық резервінің сапасын бағалау бірнеше факторларға негізделеді. «Тартымдылық» факторы халықаралық кадр резерві өкілдерін тартумен қатар экономиканың жергілікті таланттарды қаншалықты сақтап отырғанын көрсетеді. «Дайындық» факторы елдегі қолжетімді дағдылар мен құзыреттердің сапасын бағалайды.  

Өзгелердің жаңалығы