Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында сенсация жасады

20 Мамыр 2023, 08:43
474
Бөлісу:
Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында сенсация жасады
Фото: видеодан кадр

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өткен топтық кезеңінде сенсация жасап, Словакияны жеңді (4:3) деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Vesti.kz жазуынша, матчта алғашқы жетістікке словак хоккейшілері жеткен. Оған 15-минутта Патрик Кохтың күшімен қол жеткізді. Ал бұған қазақстандықтар Роман Старченко, Валерий Орехов, Евгений Рымарев екінші кезеңде, 22, 25 және 26-минуттарда дәл соққылармен жауап берді.

Осы жеңістің арқасында Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері 4 ұпай жинап, В тобында жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Қазақстандық команда үшін бұл – екінші жеңіс. Бұған дейін Норвегиядан буллит (4:3) бойынша басым түсті. Содан кейін Чехиядан (1:5), Швейцариядан (0:5) және Канададан (1:5) жеңілді.

Қазақстан келесі ойынды 20 мамырда Латвиямен өткізеді. Ойын Астана уақытымен 23:20-да басталады.

Өзгелердің жаңалығы