«Қазақстан халық партиясы» ОСК-ға 52 адамның тізімін ұсынды

11 Ақпан 2023, 10:44
1320
Бөлісу:
«Қазақстан халық партиясы» ОСК-ға 52 адамның тізімін ұсынды
Фото: автордан

Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан халық партиясы» 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға елімізде тіркелген барлық саяси 7 партияны жіберген болатын.

1 ақпанда ОСК-ға «Қазақстан Халық партиясының» Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсыну туралы құжаттары тапсырылған.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, «Қазақстан халық партиясы» 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды.

Бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 32,7 пайызын құрайтын әйелдер, жастар және мүгедектігі бар 17 адам енгізілген. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді, - деп айтты ОСК мүшесі.

Оның сөзінше, Парламент Мәжілісі депутаттарының алдығы  сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.

2021 жылы қаңтарда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауында Қазақстан халқы партиясы сайлаушылар дауысының 9,1 пайызын алған. Осыған байланысты ҚХА сайлау жарнасын төлеуден босатылды.

Өзгелердің жаңалығы