«Қазақстан халқына» қоры өрттен қаза тапқандардың отбасыларына бір реттік жәрдем жасады

16 Маусым 2023, 02:38
661
Бөлісу:
«Қазақстан халқына» қоры өрттен қаза тапқандардың отбасыларына бір реттік жәрдем жасады
Фото: gov.kz

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Абай облысында алапат өрттен қаза тапқандардың отбасыларына бір реттік материалдық көмек көрсетті.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімдігімен қаза тапқандардың туыстары арасында көмек алушылардың тізімі, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың тізбесін анықтау бойынша мәселелер жасалған.

Абай облысы әкімінің хаты негізінде «Қазақстан халқына» қорының басқармасы «Семей орманы» МОТР» РММ Долон филиалының қаза тапқан қызметкері Сергей Архиповтың отбасына қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады, - деп жазылған мәліметте.

Қор қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 7 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетті, қаза тапқандардың отбасыларына әрбір кәмелетке толмаған балаға (2023 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша 18 жастан аспаған) 2 млн теңгеден бөлінді.

Сонымен қатар қор қаза тапқан азаматтардың балаларын білім гранттарымен қамтамасыз етеді. 18 жасқа толмаған балаларға Эндаумент қорында арнайы шот ашылып, онда болашақта ЖОО-да оқу ақысын төлеуді қамтамасыз ету үшін әр балаға 4 млн теңгеге дейін жинақталады, - деп жазылған мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы