«Қазақстан халқына» қоры мемлекет пен бизнес өкілдері қолдау көрсетпегендерге жәрдемдеседі

22 Қаңтар 2022, 12:11
2082
Бөлісу:
«Қазақстан халқына» қоры мемлекет пен бизнес өкілдері қолдау көрсетпегендерге жәрдемдеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қор әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу үшін құрылды. Бұл бизнеске қосымша салық деген кейбір пікірлерді көрдім. Бұл өз қалауымен аударатын төлемдер. Қазір ірі бизнес кәсіпорындары ақша аударып жатыр. «Салық туралы» заңға сәйкес, салынатын 3 пайыздық салық қайырымдылыққа жұмсалады. Бүгінде көп кәсіпкер қайырымдылықпен айналысады, - деді Жәмішев. 

Ол атағандай, Қордың тұрақты әрі дұрыс жұмыс істеуі ғана оған тұрақты түсімдерді көбейтеді. 

Біз қорға түсіп отырған барлық қаржыны ашық көрсетіп отырамыз. Өткен аптада ондай екі ақпарат шықты. Жеке тұлғалар да қордың қалыптасуына жәрдемдесіп жатыр. Қорға тек өз еркімен жәрдемдеседі. Қор бизнес пен мемлекет денсаулық сақтау, білім беру, спорт саласында қолдау көрсетпеген жағдайда көмек көрсетеді. Сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың отбасыларына да көмектесу бойынша жұмыс істейді, - деді ол. 

Жәмішев айтқандай, қор жәрдемдесетін адамдармен тікелей байланыспайды. 

Қор біздің елдегі осындай істерді атқаратын қоғамдық бірлестіктер арқылы жұмыс істейді. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді қамтамасыз етуге Қордан ақша бөлінбейді. Қаржы бірден мұқтаж жандарға жетеді. Бүгінде 140 қоғамдық бірлестік электронды портал арқылы өтініш қабылдап жатыр, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы