Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

6 Қазан 2023, 23:32
571
Бөлісу:
Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Фото: gov.kz

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин және еліміздің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі Ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитетінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитеті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сапар бағдарламасына сәйкес делегаттар этносаралық қатынастар саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитеті этносаралық қатынастар саласында өзара бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімге қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы