Қазақстан Германияны мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі 4 мемлекеттің бірі - Президент

20 Маусым 2023, 12:35
1591
Бөлісу:
Қазақстан Германияны мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі 4 мемлекеттің бірі  - Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-неміс арасындағы мәдени байланыс туралы сөз қозғады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар Қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосып келе жатыр. Германияда 1 миллионнан астам бұрынғы отандастарымыз тұрады. Бұл халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсетін алтын көпір, - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің мәлімдеуінше, екі елде экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты. Сондықтан өзара қарым-қатынасты нығайту маңызды.

Біз осы саладағы ықпалдастықты тереңдетуге ниеттіміз. Сонымен қатар сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жолдарын талқыладық. Қазақстан - Германияның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық әріптесі. Германияның Орталық Азия елдерінен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 млрд долларға жетті. Қазақстан Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің қатарына кіреді. Сонымен бірге осы елді мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі 4 мемлекеттің бірі саналады, - деп мәлімдеді Тоқаев.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды. Кейіннен Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Германия президенті еліміздегі заңнамалық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Өз кезегінде Тоқаев Тоқаев неміс компанияларын инвестиция салуға шақырды. Сонымен қатар Президент Ақтауда немістің озық тәжірибесіне негізделген институт ашылатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы