Қазақстан футбол құрамасының формасы жаңарды

24 Мамыр 2023, 19:54
1860
Бөлісу:
Қазақстан футбол құрамасының формасы жаңарды
Фото: vesti.kz

Қазақстанның футбол құрамасы бірегей дизайнда жасалған жаңа формамен ойнайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Vesti.kz мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы мен Errea Sport компаниясы ұлттық құраманың жаңа формасын ұсынды.

2022 жылы ҚФФ мен УЕФА құрама командалардың жаңа экипировкасын жасау және қамтамасыз ету бойынша келісім жасасты.

Келісімге сәйкес экипировканың жеке дизайнын жасау барысында ұлттық бірегейлілік айшықталатыны ескерілді.

Ойын формасы сары, көк, қара түсті  үш түрлі жиынтықта жасалған. Форма дизайнын Creeon компаниясы мен Errea Sport мамандары бірлесе отырып жасады. 

Суреттерге қарап отырсақ, форманың басты ерекшелігі - қазақ өрнегі екен. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жаңа экипировкадағы алғашқы матчын 2023 жылдың маусымында Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойынында өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы