Қазақстан-Франция стратегиялық ынтымақтастығына 15 жыл толды

11 Маусым 2023, 10:30
1030
Бөлісу:
Қазақстан-Франция стратегиялық ынтымақтастығына 15 жыл толды
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Екі мемлекеттің өзара ынтымақтастығының қарқыны тараптардың жемісті қарым-қатынасты одан ары дамытуға мүдделі екенін байқатып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі саналады. Өз кезегінде аталған еуропалық мемлекет еліміздің ұлттық экономикасына инвестиция салып келе жатқан жетекші инвесторлардың қатарында. Қазір көлік секторында, оның ішінде теміржол көлігі және автотасымал саласында, сондай-ақ азаматтық авиация және өнеркәсіп бағытында екіжақты тиімді байланыс жолға қойылған.

Мәселен, теміржол көлігі саласындағы әріптестікке келсек, былтыр екіжақты экспорт-импорттың көлемі 1,5 мың тоннаға жетті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Франциядан Қазақстан аумағы арқылы жүктердің транзитті тасымалы 4028,7 тонна көлемінде байқалды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Тасымалданатын негізгі жүктердің арасында машиналар, құрал-жабдықтар, қара және түсті металдар, дайын тамақ өнімдері және т.б. бар.

Қазір Қазақстанда франциялық капиталдың қатысуымен 170-тен астам компания жұмыс істеп келеді. Олар ураннан бастап ғарыш өнеркәсібіне дейін түрлі салаларда қызмет көрсетіп жатыр. Бұл өз кезегінде отандық экономиканы әртараптандыруға оң ықпал етіп келеді.

Азаматтық авиация бағытындағы қарым-қатынасқа тоқталсақ, аталған елдердің авиациялық биліктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, оның аясында екі жақтан белгіленген авиатасымалдаушылар аптасына 3 ретжиілігімен мемлекеттер арасында тұрақты рейстерді орындауға құқылы.

Тұтастай алғанда, тараптардың интеграциялық процестерді күшейтуге байланысты жоспары 2030 жылға дейінгі Қазақстан – Франция сауда-экономикалық ынтымақтастығының Жол картасында қарастырылған. Бұл орайда былтыр қаңтарда өзара сенімді дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы атап өтілгенін айта кеткен орынды. Ал биыл мамырда өткізілген экономикалық мәселелер жөніндегі Қазақстан – Франция үкіметаралық комиссиясының XV отырысысауда-экономикалық қатынастарға тың серпін берді.

Ұзақ жылдан бері нәтижелі әрі өнімді байланысты жолға қойған стратегиялық серіктестер бұл бағыттағы жұмысты одан ары нығайтуға мүдделі.

Өзгелердің жаңалығы