Қазақстан Еуроодақпен әріптестік ынтымақтастықты арттыруға мүдделі – министр

17 Қараша 2022, 12:45
1202
Бөлісу:
Қазақстан Еуроодақпен әріптестік ынтымақтастықты арттыруға мүдделі – министр

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді тиімді іске асыруға мүдделіміз. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхатр Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз сенімге, өзара сыйластыққа және ортақ басымдықтарға негізделген берік қарым-қатынастарымызды жоғары бағалаймыз, және өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтитын Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді тиімді іске асыруға мүдделіміз, - деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Министрдің мәлімдеуінше, Еуропалық одақпен қарым-қатынастың бүкіл бағыттары бойынша белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

Бұған Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің жақында елімізге жасаған сапары, сондай-ақ Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың және Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің ү.ж. 7 қарашада Шарм эль-Шейх қаласында  өткен Климаттың өзгеруі бойынша жаһандық конференцияның әлемдік көшбасшылар саммиті (Cop27) аясында ҚР-ЕО арасындағы шикізат, аккумуляторлық батареялар мен жасыл сутектің тұрақты құн тізбектері жөніндегі стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюы дәлел бола алады, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар , Премьер- министрдің орынбасары Мемлекет басшысы Ақордада Боррелл мырзаны қабылдағын, арадағы еліссөздер ҚР-ЕО қарым-қатынасымыздың стратегиялық сипатын және тараптардың ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындығын растағанын айтып өтті. 

Өзгелердің жаңалығы