Қазақстан эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионатында жүлдегер атанды

1 Желтоқсан 2022, 08:08
958
Бөлісу:
Қазақстан эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Отандастарымыз үшінші орын иеленген жарыс Австрияның Грац қаласында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының «Кербезі» мен «Санрайс» командасының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, чемпионат шыңын бағындыруға бір қадам жақын тоқтады. Әлем чемпионатына 20 елдің спортшылары қатысқан.

Бұл біріншіден мен үшін, менің командам үшін өте үлкен мүмкіндік. Екіншіден, патриотизм ойнап тұрады десем болады басқа елде болған кезде. Үшіншіден, өз елімнің туын биік көтеру өте үлкен мүмкіндік және өте құрметтеймін өз туымды, - дейді эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Алтынай Нұркенқызы.

Өзгелердің жаңалығы