Қазақстан елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

30 Қараша 2022, 08:26
652
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының елшісі Асқар Құттықадам Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобқа сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Истана» президенттік сарайында өткен салтанатты рәсімнен кейін кездесу барысында қазақстандық дипломат Сингапур көшбасшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді. 

Астананың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша қала-мемлекетпен қатынастарды одан әрі кеңейтуге зор мүдделілігі расталды.

Қазақстан елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Тараптар екіжақты өзара тиімді әріптестік екі елде болып жатқан терең трансформациялық процестер, сондай-ақ халықаралық жағдайдың құбылмалылығының артуы аясында ерекше маңызға ие болатынына келісті. 

Осыған байланысты Мемлекет басшысымыздың Әділетті Қазақстан туралы көзқарасына сәйкес А. Құттықадам еліміздің ұлттық дамудың сапалық жаңа кезеңіне кіруі туралы хабардар етті.

Қазақстан елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Осы стратегиялық жолдағы маңызды кезеңдер ретінде 2022 жылғы маусым айындағы конституциялық референдумның және қарашадағы президенттік сайлаудың қорытындылары аталды. 

Сингапур Президенті соңғы сайлауда жеңіске жеткеніне орай Президент Қ. Тоқаевқа жылы лебіздерін білдіріп, қазақстандық әріптесіне Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады. 

Өзгелердің жаңалығы