Қазақстан елшісі Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрімен кездесті

12 Ақпан 2022, 16:48
1600
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Ваагн Хачатурянмен кездесті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елші Қазақстан Үкіметінің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды одан әрі дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және демократиялық реформаларының бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға және қазақстандық халықаралық міндеттемелердің мызғымастығына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде армян тарапы Қазақстан басшылығының саясатына қолдау көрсетіп, елдеріміз арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді. Бұл тұрғыда тараптар жоғары және ғарыштық технологиялар, сауда, ғылым, білім салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Министр қолда бар үлкен әлеует пен өсу перспективасын атап өтіп, өзара іс-қимылды жандандыруға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, 2021 жылы 30%-ға артқанекіжақты тауар айналымының оң өсу үрдісі туралы айтылды.

Сондай-ақ кездесу барысында 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының Хаттамасын орындау және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен АР Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы