Қазақстан экономикасы I тоқсанда 3% өсті 

Шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр.

 BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 10:09
Бүгiн 2026, 10:09
155
Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстан экономикасы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында 3%-ға өсті. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, өсім негізінен өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс және сауда салаларындағы белсенділіктің артуы есебінен қалыптасты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сапалы әрі орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндет өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру, өндіріс орындарын технологиялық жаңғырту арқылы іске асырылуда. Бүгін біз осы жылдың I тоқсаны бойынша  еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен  республикалық бюджеттің атқарылу барысын қараймыз, - дейді Олжас Бектенов. 

Ол аталған кезеңде жалпы ішкі өнім нақты 3%-ға өскенін айтты. 

Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек.
Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр, - дейді Бектенов.

Наверх