Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир өткізу құқығына ие болды

6 Ақпан 2023, 09:55
1281
Бөлісу:
Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир   өткізу құқығына ие болды
Фото:  Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен

Бүгін Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер Қазақстанда Grand Slam әлемдік турнирін өткізу туралы төрт жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Парижде Grand Slam шеңберінде келісімшарт бекітілді, осы құжаттың шарттары бойынша Қазақстан 2023 жылдан 2026 жылға дейін дзюдодан ең беделді халықаралық турнирлердің бірін өткізетін басты алаңға айналады. Біздің елімізде ең беделді әлемдік турнирлердің бірі эксклюзивті атауға ие болды, әлемдік аламан дода «Qazaqstan barysy Grand Slam» деп аталатын болды. Қазақстандағы турнирде дзюдошылар 2024 жылы Парижде және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды. Сонымен қатар жарыс аяқталғаннан кейін дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері тұрақты негізде өткізіледі.

Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир   өткізу құқығына ие болды

Қол қою рәсімі кезінде Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, IJF үшін турнирді өткізу құқығын көптеген талантты спортшыны баптап шығарған және спорт сүйер қауымы мен жанкүйерлері көп елге беру үлкен мәртебе екенін айтты. 

Қазақстандық дзюдоның тарихы  терең, сонымен қатар мұнда көптеген ірі турнир өткізіліп келді. Бұл елде Grand Slam турнирін өткізу дзюдоны дамытуға да, оны танымал етуге де жаңа серпін беретініне сенімдімін, - деп атап өтті Визер мырза.

Ал Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев еліміздің 2023 жылдан 2026 жылға дейін Grand Slam өткізу құқығын алуы дзюдо федерациясының орасан зор жетістігі және халықаралық турнирлерде Қазақстан туын асқақтатып, лайықты өнер көрсететін барлық спортшылардың ортақ еңбегі екенін атап өтті. 

Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир   өткізу құқығына ие болды

Сонымен қатар Қазақстанның дзюдодан ірі жарыстарды өткізуде айтарлықтай тәжірибесі бар екенін түсіну маңызды – біздің елімізде Гран-при жарыстары, «Masters» турнирі, ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты, бірнеше рет Азия чемпионаты, сондай-ақ кадеттер арасындағы әлем чемпионаты тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ең бастысы - біздің дзюдошылар жоғары спорттық жетістіктерін көрсете білетін, әлемдік аренадағы үздіктердің бірі, - деп атап өтті Есекеев.

Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир   өткізу құқығына ие болды

Париждегі Grand Slam-да қазақстандық дзюдошылар екі медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбиба Абажукынова Grand Slam-да қола медаль жеңіп алды. Қола үшін жекпе-жекте қазақстандық дзюдошы Оңтүстік Кореялық Ли Хе-Кёнгтен басым түсіп,  жеңді. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында қазақстандық Данияр Шамшиев 3 орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынын бір қола медальмен толықтырды. Дзюдо Федерациясында «біздің дзюдошылардың сәтті өнер көрсетуі дарынды спортшылардың шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігерінің, бүкіл жаттықтырушылар штабы мен команда менеджерлерінің жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды» деп түсіндірілді. Париждегі Grand Slam-ға әлемнің 82 елінен 520 спортшы қатысқан. 

Өзгелердің жаңалығы