Қазақстан дипломаттары тағы екі мемлекетке визасыз бара алады

12 Тамыз 2022, 03:37
1110
Бөлісу:
Қазақстан дипломаттары тағы екі мемлекетке визасыз бара алады

Парагвай мен Боливияға жұмыс бабымен баратын Қазақстан дипломаттары 3 айға визадан босатылуы мүмкін.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қаулы еткен құжат «Ашық» НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Боливия көпұлтты мемлекетінің және Парагвай Республикасының Үкіметтерімен арадағы дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге келді. Оның ережелері де әзірленді. Бұл келісімдер 5 жыл мерзімге жасалды. Оған сәйкес, жарамды жол жүру құжаттары бар Қазақстан Республикасының дипломаттары аталған елдерге барғанда олардан 90 күн ішінде визалық талаптар сұралмайды, - деп көрсетілген қаулыда .

Қоса кетсек, таяуда Венесуэлаға баратын қазақстандық дипломаттар виза талаптарынан босатылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы