Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайта орала ма

15 Мамыр 2024, 12:41
1523
Бөлісу:
Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайта орала ма
Фото: pixabay.com

Бұл сұраққа Мәжілісте Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері ведомство өкіліне Қазақстанда сағат белдеуін өзгертуге қарсы петицияға қатысты сұрақ қойды.

Ол бұрынғы уақыт белдеуіне оралу туралы айтудың әлі ерте екенін атап өтті.

Регламент бойынша біз алдымен петицияның нәтижелерін күтуіміз керек, содан кейін біз бұл нәтижелерді жұмысқа аламыз. Қазір бұл туралы айтуға әлі ерте. Қазір министрліктің ұстанымын айта алмаймыз. Әзірге біз ведомство басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған ресми ұстанымды ұстанып отырмыз. Петиция аяқталғаннан кейін біз бұл мәселеге қайта ораламыз. Менің ойымша, биылдың желтоқсанында заңды түрде аяқталуы керек, - деп айтты вице-министр.

Төребаевтың сөзінше, оның мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдар өтініштің қорытындысын қарайды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, ол 50 мың дауысқа жеткен жағдайда уақыт белдеуін қайта қарау жұмысы Үкімет ішінде қайтадан іске қосылады.

Еске салсақ, Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Дәл 1 наурызға қараған түні сағат 0.00-де Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытауда аймақтарда сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыды.

Өзгелердің жаңалығы