Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті

29 Ақпан 2024, 23:36
546
Бөлісу:
Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті
Фото: baq.kz

Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.  Дәл 1 наурызға қараған түні сағат 0.00-де Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытауда аймақтарда сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыды.

 Осылайша, ел ресми түрде UTC+5 біртұтас уақыт белдеуіне көшті.

29 ақпанды қоса алғанда, Қазақстанда екі уақыт белдеуі қолданылды: UTC+5 және UTC+6. Ел аумағының көп бөлігі (батыс аймақтарды қоспағанда) UTC+6 аймағында болды.

Өзгелердің жаңалығы