Бұл туралы Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша президенті Эндрю Делеоне мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біздің Қазақстанға келгенімізге 10 жыл болды. Қазақстан - континенттегі ең ұтымды әрі тиімді жерде орналасқан. Сол себепті біздің компания бүкіл қызметін Астананың орталығындағы жүргізіліп келеді. Мұнда компаниямыз электровоздарды өндірумен және қызмет көрсетумен айналысады. Біз тек өнімімізді тапсырыс берушіге жеткізіп қана қоймай, Әзірбайжан тағы басқа елдерге экспорт жасаймыз. Болашақта біраз жоспарларымыз бар. Мен Қазақстанның керемет ортасына және тамаша логистикалық құрылымды тағы да атап өткім келеді . Біз негізгі шараларымыызды Қазақстанда өткіземіз. Яғни, бұл жер болашақта Орталық Азиядағы логистиканы дамыту және бизнесті дамыту орталығымызға айналмақ, - деді Эндрю Делеоне.
Сонымен қатар кеше Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Транскаспий дәлізінің логитикасын дамыту үшін әлемдік компаниялардың инвестициясы қажет екенін айтқан еді.
Ресей арқылы өтетін жолдардың қиындауына байланысты қазіргі таңда Қазақстан-Әзербайжан- Грузия Қара теңізге шығу жолын қарастырып жатыр. Бүгінгі форумға келген Үнді компаниялары осы дәлізді кеңейту үшін инвестиция салуға ынталары бар. Себебі, ол жаңа жол, бағытқа әлі де көп қаржы салу керек. Құрық портының құрылысының басталғанына біраз жыл болды. Ол еліміздің тарапынан салынып жатыр. Оны кеңейту үшін бізге дүниежүзілік үлкен компаниялар қажет. Себебі, келешекте портқа тек еліміздің тауарлары емес, көбіне транзиттік тасымалдар болады, - деді Айдаров.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда елімізде Alstom компаниясының 950-ден астам қызметкерден тұратын штаты, үш депо, екі зауыты және сервистік орталығы бар.