Қазақстан «бір Қытай» қағидатын қолдайды - СІМ

14 Қаңтар 2024, 17:46
2224
Бөлісу:
Қазақстан «бір Қытай» қағидатын қолдайды - СІМ
Фото: СІМ

Сыртқы істер министрлігінің Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз, - делінген СІМ таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы