Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігін өзіне қайтарды

10 Наурыз 2023, 14:13
693
Бөлісу:
Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігін өзіне қайтарды
Фото: adyrna.kz

Қазақстан Үкіметі 2023 жылғы 3 наурызда "Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Осы қаулы қосымшасына сәйкес Ресей Федерациясының федералды меншігіндегі мүлік республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын, - делінген құжатта.

Осылайша Қазақстанның жеке меншігі мыналар болып саналады:

1991 жылы шығарылған 11F647M "Экран-М" ғарыш кемесі, оның құрамдас бөліктері мен бөлшектері;

1993 жылы шығарылған құрастыру-қорғау блогы, оның құрамдас бөліктері және қосалқы құралдар мен арматура;

1991 жылы шығарылған объектілерді тестілеу жүйесі;

1986 жылы шығарылған жүйелер - 2 дана.

Өзгелердің жаңалығы