Қазақстан байлығының тең жартысын небәрі 162 адам иеленіп отыр – Тоқаев

21 Қаңтар 2022, 14:38
2051
Бөлісу:
Қазақстан байлығының тең жартысын небәрі 162 адам иеленіп отыр – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық сарапшылардың (KPMG) зерттеуінше, Қазақстан байлығының тең жартысы небәрі 162 адамға тиесілі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында айтты.

Біздің елімізде шектеулі элиталық топтар экономикалық өсімнен пайда көре бастады, ал халықтың басым бөлігінің табысы азайып кетті. Бұл мемлекетіміздің қауіпсіздігіне үлкен қатер тудырады. Бұл қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси бөлінуге әкелуі мүмкін. Мұндай дағдарыстың алғашқы белгілері байқала бастады. Әрине, бұлай жалғаса беруге жол беруге болмайды, - дейді ол.

Тоқаев атап өткендей, Тәуелсіздік жылдары кәсіпкерлік табын қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басты назарында болды. Ол үшін бизнеске салықтық жеңілдіктер, преференциялар, қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ұсынылды. 

Экономикалық модель бизнесті дамытып, оның өзі халықты жұмыс және табыспен қамтамасыз етеді деген сенім негізінде жұмыс істеді. Көп жағдайда ол нәтиже берді, бірақ біз күткен нәтижені толық көлемде ала алмадық. Ал біз бұдан не көрдік? 2020 жылы ұлттық табыс құрылымында ең жоғары үлесті кәсіпкерлік табыс алды – бұл 61,5%. Салықтардың үлесі небәрі 7,3%-ды құраса, қазақстандықтардың жалақысы небәрі 31%-ды құрады. Бұл өте аз, - деп айтты Президент.

Мемлекет басшысы мысал ретінде экономика құрылымының ұқсастығына қарамастан, жалақы 46,7%-ды құрайтын, яғни 1,5 есе көп Ресейді келтірді.

Ұлттық табысты әділ бөлудің айқын теңгерімсіздігі мен айқын проблемасы бар. Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының тең жартысы небәрі 162 адамға тиесілі екенін алға тартады. Ал халықтың айлық табысының жартысы 50 000 теңгеден аспайды, бұл жылына 1 300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға, әрине, өмір сүру мүмкін емес. Мұндай стратификация мен теңсіздік қауіпті. Жағдайды тез арада өзгерту керек, бұл көп жағдайда сіздерге, яғни кәсіпкерлерге байланысты, - деп толықтырды өз сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы