Қазақстан барысына пәтер берілді

7 Шілде 2023, 19:33
632
Бөлісу:
Қазақстан барысына пәтер берілді
Фото: aikyn.kz

Жамбыл облысының әкімі балуан Ғалымжан Қырықбайға пәтер сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Таразда Астана күніне орай ашық аспан астында «Еңселі Елордам» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты іс-шарада Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов көпшілікті елорданың 25 жылдығымен құттықтады.

Нұржан Нұржігітов жуырда «Қазақстан барысы» турнирінде жеңімпаз атанып, жерлестерінің мерейін асырған Ғалымжан Қырықбайдың жетістігін айрықша атап өтті.

41 балуанның ішінен үздік шығып, еліміздің бас балуаны атанған спортшыға Тараз қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Ал оның жаттықтырушысы Бахтияр Ақбергеновке 2 миллион теңгенің сертификатын берді.

Өзгелердің жаңалығы