Qazaqstan Barysy Grand Slam: Үш қазақстандық спортшы турнирдің финалына шықты

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандар финал мен қола жүлде үшін белдеседі.

 Туризм және спорт министрлігі Бүгiн 2026, 18:21
Бүгiн 2026, 18:21
118
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күндізгі сессиясында ерлер арасында 73 және 81 келіге дейінгі, әйелдер арасында 63 және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде белдесулер өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның үш өкілі финалда медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Финал

81 келіге дейін

  • Жалғас Қайролла – Петру Пеливан (Молдова)

Қола медаль үшін белдесулер

73 келіге дейін

  • Ансарбек Ғайнуллин – Влад Митру (Молдова)

81 келіге дейін

  • Досхан Жолжақсынов – Давид Лима (Бразилия)
Наверх