Қазақстан балуандары Таиландтағы халықаралық турнирде екі алтын медаль алды

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

 ҚР ҰОК 20 Қараша 2026, 05:45
20 Қараша 2026, 05:45
89
Фото: ҚР ҰОК
Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.

Наверх