Қазақстан-БАӘ жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан астам коммерциялық құжаттарға қол қойды

18 Қаңтар 2023, 16:52
789
Бөлісу:
Қазақстан-БАӘ  жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан астам коммерциялық құжаттарға қол қойды
PHOTO

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге сапары аясында екіжақты құжаттарға қол қойылды. Жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар барысында қол қойылған негізгі келісімдердің бірі Қазақстан мен БАӘ үкіметтері арасындағы декларация. Оның аясында тараптар стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтасады.

Сондай-ақ, «Abu Dhabi Ports» екі құжатқа – ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен теңіз инфрақұрылымы саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімге және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан-БАӘ  жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан астам коммерциялық құжаттарға қол қойды

«KIDF» және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Masdar» компаниясымен баламалы энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асырудың «қағидаттары» туралы келісімге қол қойды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Al Badie Group-пен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, Danube Group-пен құрылыс материалдарын өндіру саласындағы жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Alserkal Group-пен тамақ қалдықтарын қайта өңдеу жобасының шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Қазақстан-БАӘ  жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан астам коммерциялық құжаттарға қол қойды

«Semurg Invest» ЖШС мен «Abu Dhabi Ports» Ақтау қаласындағы «Құрық» портында «Саржа» теңіз терминалын салу және пайдалану жобасын әзірлеу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ БАӘ-нің Dragon Oil және Petromal компанияларымен мұнай-газ саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Құжаттар газ кен орындарын игеру, жер қойнауын геологиялық зерттеу және газ өңдеуді дамыту саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қазақстан-БАӘ  жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан астам коммерциялық құжаттарға қол қойды

Венчурлық жобаларды бірлесіп қаржыландыру туралы құжатқа Astana Hub және Presight (Group 42) қол қойды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Қазақстан-БАӘ  жалпы сомасы 2,5 миллиард доллардан астам коммерциялық құжаттарға қол қойды
Өзгелердің жаңалығы