Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

10 Сәуір 2023, 09:17
1393
Бөлісу:
Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

ИИДМ басшысының орынбасары Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баку қаласында Қазақстан-Әзербайжан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XIX-шы отырысы өткізілді.

Аталған жиынның негізгі арқауы көлік саласындағы өзара тиімді әріптестіктікті дамытуға арналды. Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКБ) әлеуетін күшейтіп, ынтымақтастықты кеңейту, Әзербайжан – Қазақстан – Әзербайжан, сондай-ақ осы мемлекет арқылы транзитпен Қазақстан – Түркия/Еуропа – Қазақстан бағытында интермодальды теміржол жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту жолдары пысықталды, - делінген хабарламада.

Тараптар Баку декларациясын, сонымен бірге «2022-2027 жылдары ТХКБ дамыту мен Әзербайжан, Түркия және Қазақстан аумағында «тар шеңберлі» жерлерді үйлесімді жоюға арналған» Жол картасын шұғыл іске асыруға мүдделі екендерін әрі оның маңыздылығын атап өтті.

Бұл орайда осы отырыстың жұмысына Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қатысып, бауырлас елдердің көлік-логистика саласындағы іскерлік байланысының нәтижелері мен перспективалары туралы баяндама жасағанын айта кету керек.

Сонымен қатар ҮАК-ның аясында тең төрағалардың екіжақты кездесуі өтіп, оның барысында транзитті жүк автотасымалы бағытында рұқсат беру жүйесінің мәселелері, екі елдегі порттардың мүмкіндіктері, сондай-ақ көлік дәліздерін арттыру перспективалары талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы